Мақсаты: Оқушылардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтық білімдерін кеңейту.
Турнир барысында оқушылар жұмысқа орналасқандардың барлығы білуі тиіс келесі ақпаратпен танысты: рұқсат етілген:
Ата-аналарының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімімен еңбек шартын жасасуға жол беріледі:
еңбек шарты 14 жасқа толмаған адамдармен кинотеатрларда, театрларда, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмейтін жұмысқа жасалуы мүмкін (30-б. 2-т. 3-т.);
денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын оқудан бос уақытта жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен (30-б. 2-Т. 2-т.);
он бес жасқа толған азаматтар орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда (30-б. 2-Т. 1-т.);
он алты жасқа толған азаматтармен (30-б.1-т.).
Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.
Жұмыс уақыты:
14 жастан 16 жасқа дейін-аптасына 24 сағаттан артық емес;
16 жастан 18 жасқа дейін-аптасына 36 сағаттан артық емес;
Оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен ұштастыратын білім беру ұйымдарының оқушылары үшін 14 — тен 16 жасқа дейін — күніне 2,5 сағат, 16-дан 18 жасқа дейін-күніне 3,5 сағат.