сенім телефоны
Психологиялық көмек орталығы балалар мен жасөспірімдерге психологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі, оларға эмоционалдық қолдау көрсетіп, өмірде туындауы мүмкін қиындықтарды жеңуге жәрдемдеседі.
Тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай, тегін мемлекеттік байланыс орталығы «111» бар. Осы қысқа нөмір арқылы балаларға қатысты кез келген мәселе бойынша психолог пен заңгердің кеңесін алуға болады.