Мектеп формасы
Құрметті ата-аналар!
Жаңа 2024-2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Мектептің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес оқушылар сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды сақтайды. Мектеп формасы-бірыңғай стандарттарға сәйкес келуі шарт. Оқушыларға арналған күнделікті киім түрі:
* ұлдарға арналған форма: классикалық шалбар костюмі, ұзындығы бойынша шалбар аяқтың тобығын жабады, классикалық жемпір, ақ жейде.
* қыздарға: классикалық белдемше немесе шалбар бар костюм, белдемшенің ұзындығы тізеден 5 сантиметрден аспайды, классикалық жемпір, классикалық ақ түсті блузкалар.
Форма түсі: қою көк!