"Өнегелі өмір" жобасы

Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебінде "Өнегелі өмір" жобасының кезекті қонағы:
-Зейнеткер
-Қазақстан Республикасының авторлар қоғамның мүшесі
-Тәуелсіз Қазақстанның Қаһарман төсбелгісі иегері
-Қазақстан республикасының құрметті азаматы
-Шахтер даңқы 3- дәрежелі төсбелгісі иегері МүтәлханХуат ағамызбен 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Жобаның мақсаты: өмір жолы өнегеге тұнып тұрған жерлестерімізбен кездесу өткізу, тұлғалардың іс-тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа париоттық тәрбие беру, қоғамда, өмірде де өз орнындарын таба білуге баулу және кәсіби бағдар беру.
Кездесу өте әсерлі, қызықты сұрақтармен ұласып, оқушылар өздеріне қажетті барлық сұрақтарға жауап алды.Кентіміз осындай құрметті азаматтармен мақтанады. "Өнегелі өмір жолы-өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге"-дей отырып, ағамызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Дайындаған: ДТІЖО: Нұржанова Б. Б.
Кәсіби бағдар беруші: Жакий Қ.