Новости
Мектебімізде «Адал азамат» тәрбие тұжырымдамасы аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Заң және тәртіп» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Оқушылар заңды білу, өз құқықтары мен міндеттерін түсіну, жауапкершілікпен әрекет ету және қоғамдық тәртіпті сақтау туралы пікір алмасты. Талқылау барысында түрлі жағдаяттар қарастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Заңды құрметтеу – жауапты азамат болудың маңызды қадамы.
Заңға құрмет – тәртіпке бастайды! 
@_akademiasy
