Р. Асубаев атындағы ЖББМ Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "Тіл - татулық тірегі" тақырыбындағы апталықтың ашылуы өтті. Салтанатты жиында ұстаздар мен оқушылар бекітілген жоспармен танысты. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, оқушылардың мемлекеттік тілге, ана тіліне және шет тілдеріне деген қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жасанды интеллект құралдарын білім беру үрдісінде тиімді қолдану мақсатында түрлі іс - шаралар жоспарға енгізілді.