back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» атты дөңгелек үстел
07-09-2026 16:29
«Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» атты дөңгелек үстел

Отбасы апталығы аясында 7-сынып оқушылары арасында «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға отбасы тарихын құрметтеуге, ата-баба мұрасын қадірлеуге, үлкендердің өнегелі өмір жолынан үлгі алуға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағыт беру.
Дөңгелек үстелге ардагер ұстаз Алибекова Ш.М. арнайы шақырылып, оқушылармен мазмұнды әңгіме жүргізді. Кездесу барысында оқушылар отбасы шежіресі, ата-баба тарихы, отбасылық суреттер мен естеліктердің маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Ардагер ұстаз өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, отбасы бірлігі, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, туған жер мен ұлттық құндылықтарды құрметтеу жөнінде тағылымды әңгімелер айтты.
Іс-шара барысында оқушылар өз отбасыларының тарихы туралы әңгімелеп, отбасылық мұрағаттағы құнды дүниелердің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын талқылады. Оқушылардың пікір алмасуы олардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттырып, ата-әже, әке-шеше еңбегін бағалауға ықпал етті.
Дөңгелек үстел оқушыларға «Отбасы – тарихтың бастауы, ұрпаққа қалатын ең қымбат мұра» екенін түсіндіруге бағытталған тәрбиелік мәні жоғары іс-шара болды. Сынып жетекші Каримолдина Г.Е

Новости