back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Білім күні – жаңа бастамалар бастауы!
01-09-2026 10:51
Білім күні – жаңа бастамалар бастауы!
Білім күні – жаңа бастамалар бастауы!
2026–2027 жаңа оқу жылының басталуына орай Р. Асубаев атындағы ЖББМ-де «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты жиын өтті.
Жиын барысында оқушыларға жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері таныстырылып, Конституция құндылықтарын құрметтеу, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды.
Биыл мектебіміздің 15 оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданып, алғашқы сабақтарына қатысты. Балалар үшін бұл күн – білім әлеміне бастар ерекше қадам, жаңа достар мен жарқын жетістіктерге бастайтын маңызды кезең.
Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушыларға сәттілік, шығармашылық ізденіс, биік жетістіктер және толағай табыстар әкелсін!
Білім күні құтты болсын!
Новости