Зиянды әдеттер туралы видеоролик көрсетілді
17 маусым мектебімізде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған жоспарға сай оқушыларға зиянды әдеттердің адам денсаулығына, мінез-құлқына және болашағына тигізетін кері әсері туралы танымдық мультфильм көрсетілді. Іс-шара барысында балалар жаман әдеттердің түрлерімен танысып, олардың зияны туралы маңызды мәліметтер алды. Мультфильм арқылы салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндіріліп, оқушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлінді. Іс-шара балалардың зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс таңдау жасауына бағытталды.