17.06 күні Р. Асубаев атындағы ЖББМ жанындағы жазғы лагерьде «Жас зерттеуші» тақырыбында іс-шара өткізілді. Күн балалардың таңғы сергіту жаттығуынан басталды. Кейін тәрбиешілер тақырыпқа сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қызықты тәжірибелер жасап, қоршаған орта мен табиғат құбылыстарын бақылау арқылы өз білімдерін толықтырды. Балалар зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, белсенділік танытты. Іс-шара барысында олардың танымдық қабілеттері мен зерттеушілік дағдылары дамытылды. Түскі ас ішкеннен кейін балалар көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне қайтты.