Р. Асубаев атындағы ЖББМ жанындағы жазғы лагерьде «Су күні» тақырыбында қызықты іс-шаралар өткізілді.
Күн таңертеңгі жаттығудан басталды. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен жаттығу жасап, күн тәртібімен танысты. «Су күні» аясында оқушылар су тақырыбына арналған суреттерді бояп, қызықты жұмбақтар шешті. Сонымен қатар «Суды жеткіз», «Тамшы сұрақ», «Жаңбыр мен күн», «Балықшылар» ойындары ұйымдастырылды. Балалар жаңбыр тамшыларында жасырылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Іс-шара барысында судың адам өміріндегі маңызы, оны үнемдеу және қорғау жолдары туралы әңгіме жүргізілді. Балалар палаткада кітап оқып, қызықты шығармалармен танысты. Күн соңында балалар жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.