Әкелер күніне орай мектебімізде «Менің әкем – менің мақтанышым» атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты- оқушылардың әкеге деген құрметін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқау барысында оқушылар өз әкелерінің өмірдегі орны, өнегелі іс-әрекеттері, еңбегі мен тәрбиесі туралы ой-толғауларын жазып, әке тұлғасының маңызын ашып көрсетті. Іс-шара жас ұрпақтың отбасыға деген сүйіспеншілігін нығайтып, әке мен бала арасындағы сыйластық пен рухани байланысты дәріптеуге бағытталды.