back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
9-сынып оқушыларын мемлекеттік емтихандарға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету
11-06-2026 12:58
9-сынып оқушыларын мемлекеттік емтихандарға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету

9-сынып оқушыларын мемлекеттік емтихандарға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және жағымды көңіл күй қалыптастыру мақсатында «Р. Асубаев атындағы ЖББМ» КММ педагог-психологтары Шаймерденова А.Б. «Табысқа деген сенім» атты психологиялық көңіл күй қалыптастыру шарасын өткізді.
Iс-шара барысында оқушылардың алаңдаушылық деңгейін төмендетуге, өз күшіне деген сенімділігін арттыруға және емтиханға оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Түлектер емтихан кезеңінде сабырлылықты сақтап, зейіндерін шоғырландыруға көмектесетін пайдалы ұсыныстар алды.
Тақырыптық тақтаға ізгі тілектер мен қолдау сөздері жазылған жүрекшелер орналастырылды. Әрбір оқушыға сәттілік тілектері жазылған тәтті сыйлықтар табысталып, жылы әрі достық атмосфера қалыптасты.
Іс-шара оқушыларға жағымды эмоциялар сыйлап, емтиханды сәтті тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындалуға және өз мүмкіндіктеріне сенуге көмектесті. Көтеріңкі көңіл күймен және өз білімдеріне сенімділікпен оқушылар емтиханға аттанды.

Новости