Р. Асубаев атындағы ЖББ мектебі жанындағы «Болашақ» жазғы сауықтыру лагерінде ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және рәміздердің маңыздылығын ұғындыру. Бағдарлама ҚР Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде шырқаумен ашылды. Танымдық бөлімде оқушылар заманауи АКТ құралдарын пайдалана отырып, Quiziss платформасында викториналық сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде үздік танылған қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі мадақтамалармен марапатталды. Іс-шара барысында балалар тақырыптық суреттер салып, өз қолдарымен мемлекеттік тудың үлгілерін жасады, сондай-ақ патриоттық бағыттағы мақал-мәтелдерді шешу арқылы белсенділік танытты. Жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде мақсатына жетті.