Жазғы лагерь "Болашақ" тобы
Бүгін «Болашақ» тобында «Адал азамат» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Күннің мақсаты – балалардың бойында адалдық, жауапкершілік, достық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Іс-шара барысында балалар «Сенім жәшігі», «Достық шары», «Жақсы істер» және «Жалған ба, әлде шындық па?» атты қызықты әрі танымдық ойындарға белсенді қатысты. Ойындар арқылы олар бір-біріне деген сенімді нығайтып, жақсы қасиеттердің маңыздылығын түсінді, сондай-ақ шындық пен жалған ақпаратты ажырата білу дағдыларын дамытты.
Күннің қорытынды бөлімінде тәрбиеленушілер «Адал азамат» тақырыбында постерлер дайындап, өз жұмыстарын қорғады. Балалар адал азаматтың қандай болуы керектігі туралы өз ойларын ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, балаларға жақсы әсер қалдырды және адалдық құндылығының маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.