27.04.2026ж Р.Асубаев атындағы ЖББМ 4-сынып оқушыларымен «Табысқа жол: ББЖМ-ға бірге дайындаламыз» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойындағы емтихан алдындағы үрейді жою, стресске төзімділігін арттыру және өзіне деген сенімділігін нығайту. Мектебімізде білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге (ББЖМ) дайындық аясында оқушыларға арналған арнайы тренинг ұйымдастырылды. Басты мақсаты — оқушылардың тест тапсырмаларымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, уақытты тиімді басқаруды үйрету және емтихан алдындағы қобалжуды басу. Тренинг барысында оқушылар логикалық тапсырмаларды орындаудың тиімді тәсілдерімен танысып, психологиялық тренингтер арқылы өз-өзіне сенімділіктерін арттырды. Сәттілікке бастар жол — жүйелі дайындықта! Өткізген: педагог-психолог А.Б.Шаймерденова