back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Сәттілікке қадам: ББМЖ-ны стрессіз тапсыру»
27-04-2026 12:12
«Сәттілікке қадам: ББМЖ-ны стрессіз тапсыру»
27.04.26 күні Р.Асубаев атындағы ЖББМ 9-сынып оқушыларымен «Сәттілікке қадам: ББМЖ-ны стрессіз тапсыру» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренингтің негізгі мақсаты — білім алушылардың мониторинг алдындағы үрейін басу және тест тапсырмаларымен жұмыс істеу кезіндегі психотехникалық дағдыларын қалыптастыру.Тренинг барысында оқушылар тыныс алу жаттығуларын, бұлшық ет релаксациясын және стресске төзімділікті дамытудың тиімді әдістерін үйренді. Тренинг барысында оқушылар жүйкені дереу тыныштандыратын «4-7-8» тыныс алу техникасын және денедегі кернеуді алатын «Лимон» жаттығуын жасап үйренді. «Емтихан сәті» рөлдік ойыны арқылы балалар ішкі диалогтың адам сенімділігіне қалай әсер ететінін түсініп, жағымды позицияны таңдаудың маңыздылығын ұғынды.
Тренингтің ең әсерлі бөлімі арт-терапия болды: оқушылар өз қорқыныштарын қағазға түсіріп, оны жою арқылы психологиялық жүкпен қоштасты. Тренинг соңында «Тілек шамы» аясында бір-біріне қолдау білдіріп, «ББЖМ — бұл тек білім белесі, ал басты құндылық — адамның өз-өзіне деген сенімі» деген түйін жасады.
Өткізген педагог-психолог: А.Б.Шаймерденова
Новости