әдістеме бірлестігінің отырысы
20-шы наурыз эстетикалық пәндер (АӘ және ТД, музыка,көркем еңбек, дене шынықтыру.) 3-ші тоқсан қорытындысы бойынша әдістеме бірлестігінің отырысы өтті.
Тоқсан барысында мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес сабақтарын уақытылы өткізіп, оқу бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етті. Сабақтарда заманауи педагогикалық технологиялар, интерактивті әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Оқушылар түрлі байқаулар мен іс-шараларға белсенді қатысты. Атап айтқанда:
мектепішілік және аудандық сурет, қолөнер көрмелері;
музыкалық және шығармашылық сайыстар; спорттық және
патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шаралар.