жарапазан
Бүгін Көбетей ауылының тұрғындары мектепке арнайы келіп, жарапазан айтып, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртты. Жиналған көпшілік ұстаздар мен оқушыларға ізгі тілектерін арнап, ән-жыр арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, балаларға шашу шашылып, қуаныш пен шаттыққа бөледі.
Бұл іс-шара өскелең ұрпаққа ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлердің мән-маңызын ұғындыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың рухани дамуына жол ашып, халқымыздың мәдени мұрасын сақтауға үлкен үлес қосады.