Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді келе жатқан көктемнің жарқын мерекесі – Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, татулық пен бірліктің мерекесі. Әр шаңыраққа амандық, молшылық, береке мен бақыт әкелсін. Көктемнің әр күні сіздерге қуаныш, жаңа жетістіктер мен жарқын үміт сыйласын.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға тыныштық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

