2.03 күні Р. Асубаев атындағы ЖББМ "Заманауи білім: адал азамат және кітап оқу мәдениеті " оқу сауаттылығы апталығы басталды. Жалпы жиында апталықтың ашылуы өтіп, тіл мамандары апталықтың жұмыс жоспарымен таныстырды.Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру;тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру;өлеңдер оқу арқылы оқушылардың сөздік қорын,шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 5-7 сыныптармен "Ана тілім-асыл қазынам " атты әдеби танымдық шара ұйымдастырылды. Әлем тілдері, ана тілінің алатын орны, ерекшелігі, ұлы тұлғалардың нақыл сөздері келтіріліп, қызықты ақпарат берілді.