«Алғыс айтамын»
Алғыс айту күніне орай мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Алғыс айтамын» атты бейнеролик түсірілді. Бейнеролик барысында оқушылар ұстаздарға, ата-аналарға, достарына алғыстарын білдірді.
Бұл бастама өскелең ұрпақтың бойында құрмет, сыйластық, мейірімділік пен ризашылық сезімдерін қалыптастыруға бағытталды. Бейнеролик арқылы алғыс айтудың маңыздылығы насихатталып, жылы сөздің адамға қуаныш сыйлайтыны көрсетілді.