"Қызықты география"
Бүгін 26 ақпан күні 5 сыныпта "Қызықты география" атты жарыс ойыны география пәні мұғалімі Муктаров Н.А. ұйымдастыруымен өтті. Сабақ барысында оқушылар әлемнің ерекше географиялық нысандарымен танысып, қызықты деректер мен танымдық ақпараттар алады. Сонымен қатар, логикалық тапсырмалар, картамен жұмыс, викториналық сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. Оқушылар топтық және жұптық жұмыс арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады.