«Кибербуллинг және қоғам»
24 ақпан күні Р. Асубаев атындағы ЖББМ-де ата-аналарды қолдау орталығының жұмысын жетілдіру және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында «Кибербуллинг және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы кибербуллинг мәселесінің өзектілігі, оның бала психологиясына әсері және алдын алу жолдары талқыланды.
Дөңгелек үстелде ата-аналарға интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері, балалардың әлеуметтік желідегі белсенділігін тиімді бақылау тәсілдері және сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, кибербуллингтің белгілері, оның салдары және ата-ананың әрекет ету алгоритмі ұсынылды. Өткізген мектептің әлеуметтік педагогы Аргимбаева И. С және педагог-психолог Шаймерденова А. Б.