back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Ғылым және технология»
24-02-2026 09:58
«Ғылым және технология»
Бүгін 24 ақпан айында 2026 жылдың Р.Асубаев Айгөлек Шағын Орталық аев атындағы ЖББ мектебінде «Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығының ашылуы өтті. Апталық аясында білім алушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру, зерттеушілік және логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
10–11 сынып оқушылары үшін химия пәні мұғалімі Каримолдина Г.Е. «Science Lab» атты тәжірибелік ғылыми алаң өткізіп, оқушылар әртүрлі химиялық тәжірибелер арқылы ғылымның қызықты қырларымен танысты.
Сонымен қатар 7–8 сынып оқушылары арасында физика пәні мұғалімі Смагулова Г.К. «Қызықты физика» атты зияткерлік жарыс ойынын ұйымдастырды. Жарыс барысында оқушылар физикалық құбылыстарға байланысты тапсырмалар орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Іс-шаралар оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, ғылыми дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.
Новости