бракераж комиссиясы тарапынан жоспарлы тексеру
Мектеп асханасында оқушылардың дұрыс және сапалы тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында Р. Асубаев атындағы ЖББМ бракераж комиссиясы тарапынан жоспарлы тексеру жүргізілді. Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасы, дәмдік қасиеті, тағамның температуралық режимі, сақтау мерзімі мен шарттары, ас мәзірінің бекітілген талаптарға сәйкестігі қаралды.
Сонымен қатар, ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы бақылауға алынды. Тексеру нәтижесінде тағамдардың сапасы қанағаттанарлық деп танылып, санитарлық талаптардың сақталғаны анықталды.
Комиссия тарапынан тамақтану сапасын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.