«Қабылда, түсін: ЕББҚ балалар мен ата-аналар»
Ата-аналарды қолдау орталығының жоспары бойынша «Қабылда, түсін: ЕББҚ балалар мен ата-аналар» тақырыбында
әлеуметтік педагог Аргимбаева И.С. іс-шара өткізді.
«Даму үшін серіктестік» бағдарламасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балаларды қабылдау, түсіну және қолдау тақырыбында тренинг сабағы өткізілді.
Тренингтің мақсаты – ЕББҚ балаларға қатысты дұрыс көзқарас қалыптастыру, ата-аналар мен оқушылар арасында өзара түсіністік пен серіктестік орнату, толеранттылық пен эмпатияны дамыту.
Тренинг нәтижесінде қатысушылар инклюзивті білім берудің маңыздылығын түсініп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы орта қалыптастырудың рөлі туралы ортақ ой қалыптастырды.