«виртуалды саяхат»
Бүгін апталығымыздың төртінші күні. Жүйелік блоктың ішіне «виртуалды саяхат» жасау арқылы біз компьютердің қалай жұмыс істейтінін жақсырақ түсіндік. Жүйелік блоктың құрылысын білу – компьютерлік сауаттылықтың негізі. Ал нейрондық желілердің дамуы болашақ мамандықтарды таңдауда маңызды рөл атқарады. Сондықтан заманауи технологияларды меңгеру – қазіргі заман талабы. Алдағы 10 жылда нейрондық желілер қандай мамандықтарды алмастырады? атты пікірталас өтіп, оқушылар нейрондық желілердің болашақтағы әсері туралы өз пікірлерлерімен бөлісті. Пікірталас барысында келесі мамандықтар өзгеріске ұшырауы мүмкін деген қорытынды жасалды: кассирлер (өзін-өзі қызмет көрсету жүйелері дамып жатыр), колл-орталық операторлары (чат-боттар жауап бере алады), қарапайым аудармашылар, деректерді енгізу операторлары, қарапайым бухгалтерлік қызметкерлер. Неліктен? Себебі бұл жұмыстар көбіне қайталанатын және нақты ережелерге негізделген. Нейрондық желілер мұндай тапсырмаларды тез әрі тиімді орындай алады. Сонымен қатар жаңа мамандықтар пайда болады: ЖИ маманы, деректер талдаушысы, робототехника инженері. Нейрондық желі – жасанды интеллекттің ең қарқынды дамып келе жатқан бағыты. Болашақ дәуірде нейрондық желілер адамның өмірінің көптеген саласына терең енуі мүмкін.