«Цифрлық әлем»
«Цифрлық әлем» апталығының үшінші күні. Бұл күнді қазақ халқының рухани қазынасында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бірі — Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арнап қысқа бейнероликтер дайындадық. Ол — қазақтың ұлы ақыны, Қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, көркем сөздің шебері, дастаншы, жырау. 2026 жылы жыр алыбының туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл мерейтой — тек бір ақынның емес, тұтас қазақ ауыз әдебиетінің, жыраулық дәстүрдің мерекесі.