«Қауіпсіз интернет күні»
"Адал Азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қауіпсіз интернет күні» тақырыбында оқушылардың интернеттегі қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында көңілді үзіліс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қызықты ойындар, сұрақ-жауаптар өткізіліп, оқушыларға интернетті қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелері түсіндірілді.