«Біз — бір командамыз»
2.02.26 күні Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Психолог сағаты» аясында 5-сынып оқушыларына арналған «Біз — бір командамыз» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты— буллингтің алдын алу, толеранттылықты қалыптастыру және сынып ұжымын біріктіру.
45 минутқа созылған тренинг барысында оқушылар түрлі интерактивті жаттығулар мен ойындарға қатысты. «Құпия сәлемдесу» жаттығуы оқушылар арасындағы кедергілерді жойып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға көмектесті. «Қағаз» жаттығуы арқылы балалар әр адамның ерекшелігі бар екенін және бұл — қалыпты жағдай екенін түсінді.
«Қыстырғыш» метафоралық ойыны жағымсыз сөздер мен әрекеттер адамның сезіміне ұзақ уақытқа әсер ететінін ұғынуға мүмкіндік берді. «Біздің сыныптың ережелері» атты топтық жұмыста оқушылар өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтатын ережелерді бірлесе құрастырды. Ал «Достық клубогы» рефлексиясы ұжымдағы байланыстарды көрнекі түрде көрсетіп, сыныптағы бірлікті сезінуге ықпал етті.
Тренинг қызықты әрі сенімді атмосферада өтіп, оқушылардың белсенділігін арттырды және сыныпта жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
Өткізген: педагог-психолог А.Б.Шаймерденова.