back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Ең үздік әдістемелік бірлестік»
02-02-2026 09:27
«Ең үздік әдістемелік бірлестік»
Р.Асубаев атындағы ЖББМ-де «Ең үздік әдістемелік бірлестік» конкурсы мектептегі әдістемелік бірлестіктердің жұмыс сапасын арттыру, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында ұйымдастырылады.
Конкурс барысында әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспарының орындалуы, сабақ беру сапасын жетілдіруге бағытталған жұмыстары, инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді қолдану тәжірибесі, білім сапасының нәтижелері, сондай-ақ жас мамандармен жұмыс және әдістемелік қолдау жүйесі сарапталады.
Байқау әдістемелік бірлестіктер арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты нығайтып, педагогтердің кәсіби дамуына серпін береді, білім беру процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. «Шығармашыл әдістемелік бірлестік» -ҚГ әдістеме бірлестігі, «Ең үздік әдістемелік бірлестік» - Бастауыш әдістеме бірлестігі-«Инновациялық идеялар көшбасшысы» - Эстетика әдістеме бірлестігі, «Цифрлық білім берудегі үздік әдістемелік бірлестік» - ЖМБ әдістеме бірлестігі, «Зерттеуші мұғалімдер бірлестігі»- Шағын орталық әдістеме бірлестігі аталған номинациялар бойынша марапатталды.
Новости