«Ашық есік күні»
27 қаңтар күні Р. Асубаев ЖББМ-де «Ашық есік күні» өтті. Іс-шара барысында ата-аналар сабақтарға қатысып, ал оқушыларға мектепте жұмыс істейтін үйірмелердің (кружоктардың) бағыттары таныстырылды. Үйірмелердің мақсат-міндеттері мен жұмыс тәртібі түсіндіріліп, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған ақпарат берілді. Ашық есік күні мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.