“Қауіпсіз маршрут”
"Заң мен тәртіп" айлығы шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында “Қауіпсіз маршрут” тақырыбында станциялар бойынша интерактивті ойындар ұйымдастырылды. Ойын барысында оқушылар "Жол қозғалысы ережелері" , "Өрт қауіпсіздігі", "Интернет қауіпсіздігі" , сондай-ақ "Баланың құқықтары мен міндеттері" бойынша білімдерін бекітті. Әр станцияда балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар арқылы өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік берілді.