back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор, Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері Қанипа Бітібаеваның 80 жылдығына арналған іс-шара өтті
28-11-2024 10:13
Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор, Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері Қанипа Бітібаеваның 80 жылдығына арналған іс-шара өтті

26.11 күні Р. Асубаев атындағы ЖББМ даңқты мұғалім, КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор, Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері Қанипа Бітібаеваның 80 жылдығына арналған іс-шара өтті. Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Абильдина Н. Ж "Қазақтың Қанипасы" атты кітаппен, ұстаздың өмір, еңбек жолымен қысқаша таныстырды. 10-сынып оқушылары қосымша мәліметтер келтіріп, толықтырды. Оқушылар бейнебаян, презентацияны тамашалап, ұстазға шығарған өлеңдерді оқып, өздері де өлең шумақтарын арнап жазды. Ұстаздық жолдың қиындығы мен қызығы көп, бірақ мәртебелі, биік мамандық деген пікірлермен қорытындыланды

Новости