Кеше еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Бұл – оқушылар үшін бір жылдық ізденіс пен талаптанудың қорытындысы, жаңа белеске қадам басудың белгісі. 1-8, 10 сыныптардың білім алушылары ұстазының үнін сағынатынын сезсе де, 3 айлық каникулдан кейін келетініне, кездесетініне үмітпен, уақытша қоштасқан шығар. Ал мектеп қабырғасына қайта келмейтінін, ендігі оқуын колледжде немесе университетте жалғастыруды жоспарлап отырған білім сүйер түлектердің 9, 11 сыныптар тұла бойын қимастық билегені анық. Мектебімізде 5 оқушы түлеп ұшты. Екі оқушымыз "Алтын белгі "иегері атанып, бір оқушы үздік деген атесттатпен аяқтады.Бұл біз үшін өте үлкен қуаныш. Мектебіміздің ұстаздарымыздың еңбегінің жемісі деп білеміз. Жас түлектерге сәтті сапар! ақ жол тілеп, қимастықпен шығарып салдық.
Сыңғырла, соңғы қоңырау!2023-2024 оқу жылы