Елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Өткен айдың 20 күнінде 1 млннан аса адам қатысып, 5 мыңнан астам шара ұйымдастырылды. Акцияның аты айтып тұрғандай, оның мақсаты – азаматтарды өз қаласы мен ауылын, ауласын таза ұстап, көшет отырғызуға үндеу. Туған жердің тазалығы әр адамға парыз болса, «Таза Қазақстан» акциясы соның алғышартын қалыптастыратын дәстүрге айналмақ. Оны ауылымыздың тұрғындары мен мектеп бітірушілер мектеп айналасына көшет отырғызғандарынан аңғаруға болады.
"Таза Қазақстан" Киелі мекенім сенбілігі