Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Тәрбие сағат дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту. Тәрбие сағат тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Кім білмес қазағымның қою шайын, Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын. Ақ тілекпен әрбір келген қонағына, Құрметпен шығаратын төрі дайын. Келіңіз ұсынамын төрден орын, «Досым» деген адамға міне қолым. Әр қазақтың жүрегінде осы тілек, Адамзат, оң сапарда болсын жолың. Жаса, жаса тыныштық Достық бізге тым ыстық, Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Ынтымақ күні