17 наурыз – Шаңырақ күні. Бүгін Наурыз мейрамы онкүндігінің төртінші күні. Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматына сәйкес, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні болып аталып өтіледі.Қазақта қара шаңырақ киелі ұғым болғандықтан, халқымыз шаңырақты әрдайым қастерлеп өткен. Себебі, осы шаңырақ арқылы ұлтымыздың тамыры тереңге жайылып, ынтымағымыз берік сақталды.Шаңырақ күнінде отбасы құндылықтары кеңінен дәріптеледі. Ұлттық киім киген жастардың неке қию салтанаты өтеді, көпшілікке сыйлы ақсақалдар «Наурыз бата» береді. Шаңырақ күні сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет және ұрпақ сүю сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналады.Бүгінде барлық өңірде 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық киім киген жастардың неке қию рәсімі өтіп, сыйлы ақсақалдар бата беріп, жас жұбайларға бақ-береке тілейді.
17 наурыз - «Шаңырақ күні"