Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» халықтық мерекені атап өтуге арналған онкүндік өткізу дәстүрге айналған. Әр күн белгілі бір тақырып аясында өтеді. Соның бірі 16 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні деп аталады. Бұл тақырып аясында халық жадында сақталып, әлі желісін үзбеген «Тілеу көже», «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Жақсының орнына аунату», «Тұсаукесер», «Ашамайға мінгізу», «Қызды оң босағаға отырғызу», «Бұрымын өру», «Беташар» сынды ғұрыптарынан музыкалық-театрландырылған көріністер қойылады. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, төл мәдениетіміздің алтын арқауы, ұлттық ұстанымын насихаттау. Асыл қазынамызды қайта жаңғыртып, жалпы халықтық сипат алуына ден қою, жас ұрпақтың бойына сіңіру, ұлт құндылығын насихаттау. Әдет-ғұрып салтымызды бүгінгі заманауи бағытта тұпнұсқаға сай мән-мазмұны, шығу тарихы, дамыту жолдарын саралап, қайта жаңғырған бай қазынамызға айналдыру. Ал қазақтың құндылығы оның салт-дәстүрінде. Іс-шараға Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары, ұлттық аспаптық оркестрі, зиялы қауым өкілдері, дәстүр жанашырлары, мәдениет мекеме қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері және мектеп оқушылары қатысады. Мектебімізде 16 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні болып аталып өтті.
16 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні