Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін елемізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі.
8 наурыз... адамдар да, тіпті, табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша аналарымызды даңққа бөлеп тұрғандай!Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген қалаларының көшелерінде, кең байтақ даламызда әлі де қар жатады.Бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады.