back-image
"Қарақойын жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарақойын жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қамқоршылар күні"
01-11-2023 11:26

           Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасына сәйкес жыл сайын 29 қазанда «Мейірімді жүрек» республикалық акциясы аясында «Қамқоршылар күні» мерекесі өткізіледі. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді «Өзінің не өзгенің жетім балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жаннат». Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иеміз.Бұл іс-шараның басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға тілек білдіретін азаматтардың (қамқоршылық, қорғаншылық, бала асырап алу) санын көбейту үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.Біздің мектебімізде осы мерекеге орай "Дөңгелек үстел" отырысын ұйымдастырып, қамқорлыққа алыңған екі оқушымен Қамқоршыны қонаққа шақырып,жылы лебізімізбен мектеп ұжымы атынан алғысымызды айттық.

Новости