back-image
"Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ
1 қыркүйек – Білім күніне арналған мереке
04-09-2026 12:28
1 қыркүйек – Білім күніне арналған мереке
Бүгін мектебімізде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған мерекелік салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті!
Шаттық пен тебіреніске толы жиында мектеп басшысы, ауыл әкімі және ардагер ұстаздарымыз жүрекжарды құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға ақ жол мен білім шыңына жетер таусылмас талап тіледі. ????‍????????
Мерекенің сәнін кішкентай 1-сынып оқушылары кіргізіп, алғашқы қадамдарын әсем өнерлерімен өрнектесе, мектеп бітіруші 9-сынып оқушылары өздерінің сахналық шеберліктері мен әсерлі қойылымдарын тарту етті. ????????
Салтанатты жиынның ең толқынысты сәті – сыңғырлаған алғашқы мектеп қоңырауының соғылуы болды. Бұл үн баршамызға жаңа мақсаттар мен жаңа заңғар асулардың бастау алғанын айғақтағандай! ????✨
Барша оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Оқу жылы табысты, жемісті әрі қызықты сәттерге толы болсын! ???????? #нұраауданыбілімбөлімі
Новости