«Таза Қазақстан» – әрқайсымыздан басталады!
Қоршаған ортаны қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы игі бастаманы қолдай отырып, Қарой жалпы білім беретін мектебінің ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді.
Сенбілік барысында мектеп ауласы мен айналасы толықтай тазартылып, қоқыстар жиналып, жасыл аймақтар ретке келтірілді. Ұстаздар мен мектеп қызметкерлері бір кісідей жұмылып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Әрбір атқарылған іс – туған жерге деген жанашырлықтың айқын көрінісі.
Бұл шара тек тазалық жұмысы ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениет қалыптастырудың маңызды қадамы болды. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
✨ Таза аула – таза ой, таза болашақтың кепілі! @bilimboliminura