Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия
Қарағанды облысы Білім басқармасы мен Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің бастамасымен «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты облыстық мегажоба аясында ауқымды білім сайысы өтті.
Байқауға облыс бойынша 75 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және 75 математика пәні мұғалімі қатысып, үш кезеңнен тұратын — «Жұптық», «Топтық» және «Ақтық» сайыстарда білімдері мен біліктіліктерін сынға салды.
Бұл байқауға Қарой жалпы білім беретін мектебінің педагогы Аширбекова Перизат Сериковна да қатысып, өз кәсіби шеберлігін танытты.