back-image
"Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
9-сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтиханы өтті.
11-06-2026 11:06
9-сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтиханы өтті.
11.06.2026 ж. Р. Қошқарбаев атындағы ЖББ мектебінде 9-сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтиханы өтті.
Емтихан басталар алдында мектеп психологы оқушылармен психологиялық дайындық жұмыстарын жүргізді. Оқушылардың бойындағы толқуды азайту, өз күштеріне деген сенімділігін арттыру мақсатында тыныс алу және сергіту жаттығулары ұйымдастырылып, емтихан кезінде өздерін еркін ұстап, білімдеріне сенуге кеңес берілді.
Сонымен қатар мектеп директоры Макус В.С. түлектерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Ол оқушылардың жыл бойы алған білімдері мен еңбектерінің жемісті болуына сенім білдіріп, емтиханды жоғары деңгейде тапсыруларына тілектестігін жеткізді.
Емтихан талапқа сай, тыныш әрі ұйымдасқан жағдайда өтті. Оқушылар өз білімдерін көрсетіп, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады.
Новости