5–7 сынып оқушылары арасында «Туым – тұғырым, Елтаңбам – елдігім!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
С. О. Талжанов атындағы негізгі орта мектебінде 5 қараша 5–7 сынып оқушылары арасында «Туым – тұғырым, Елтаңбам – елдігім!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының тарихы мен маңызын түсіндіру.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.Отансүйгіштікке, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.Елдік сана мен ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Түсіндіру барысында оқушыларға мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, олардың мән-мағынасы, Елтаңбадағы шаңырақ пен қанатты пырақтардың бейнесі, көк Тудың ерекшеліктері туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы екені айтылды.
#Адал_азамат
#Заңментәртіп
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg
#нұраауданыбілімбөлімі