«Әділдік пен жауапкершілік» тақырыбында 5-9 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
С.О.Талжанов атындағы негізгі орта мектепте 2 қараша күні «Әділдік пен жауапкершілік» тақырыбында 5-9 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға әділдік пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, адалдыққа, шыншылдыққа, өз ісіне жауап бере білуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар тақырып бойынша ой бөлісіп, түрлі жағдаяттарды талқылады. Өз пікірлерін ортаға салып, әділдік пен жауапкершіліктің адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейтті.
Тәрбие сағаты оқушыларды адал болуға, әділ шешім қабылдауға және әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауға баулыды.
#Адал_азамат
#Заңментәртіп
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg
#нұраауданыбілімбөлімі