back-image
"С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беру мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беру мектебі" КММ
«Сыныптағы психологиялық ахуалды зерделеу» тақырыбында психологиялық жұмыс жүргізілді.
27-10-2026 13:00
«Сыныптағы психологиялық ахуалды зерделеу» тақырыбында психологиялық жұмыс жүргізілді.
С. О. Талжанов атындағы негізгі орта мектепте 27 қазан күні педагог- психолог С.С.Алинованың  ұйымдастыруымен ата-аналар арасында «Сыныптағы психологиялық ахуалды зерделеу» тақырыбында психологиялық жұмыс жүргізілді.
Жұмыстың негізгі мақсаты – ата-аналармен тығыз байланыс орнату, сыныптағы психологиялық ахуал туралы пікір алмасу, оқушылар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау және балаға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру.
Кездесу барысында ата-аналарға баланың эмоционалдық жағдайына назар аудару, оның көңіл күйін түсіну, пікірін тыңдау, отбасында сенімді қарым-қатынас орнату мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар сыныптағы достық қарым-қатынас, өзара сыйластық, қолдау көрсету және буллингтің алдын алу жолдары талқыланды.
Психологиялық жұмыс барысында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Отбасындағы жылулық пен мектептегі жағымды психологиялық ахуал – баланың бақытты болашағының негізі!
#Адал_азамат
#Заңментәртіп
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg
#нұраауданыбілімбөлімі
Жаңалықтар