«Менің сүйікті кітабым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды
С.О. Талжанов атындағы мектепте қазақ тілі мұғалімі «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырып, оқушыларға өзі оқыған көркем әдеби кітаптарды оқуға ұсынды. Мұғалім әр кітаптың мазмұнына қысқаша тоқталып, оның тәрбиелік мәнін түсіндірді. Бұл шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталды.